62
Ала жіпті аттама
бөлінбей әркім алдындағы асыл адалынан жеу үшін бір-
бірінің ақысына абай болғаны абзал.
Жалданған жұмысшыға төленетін жалақы оның
еңбегіне лайық болғаны жөн. Ал жалақы табушы да өзіне
төленген тиын-тебенді адал алуға тырысып, қызметтік
міндеттерін не болмаса тапсырылған істі барынша
тиянақты орындауға тырысса нұр үстіне нұр болары
хақ. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ ісіне
мығым әрі жауапты қараған құлын жақсы көреді»
,
– деген. Еңбек шарты мен еңбек тәртібіне сай жұмыс
уақытына, қалыпты еңбек жағдайларына сәйкес іс атқару
- жұмысшының міндеті. Себепсіз жұмыстан қалған,
өзінің маңдайалды борышына атүсті қараған жалақы
алушы жұмыс берушінің құқығын мансұқ еткені.
Өзіне тапсырылған іс пен қызметтік тапсырма-
ны жұмысшының басқаға жасатуға құқығы жоқ. Ала-
тын жалақысы оның еңбегінің ақшаға шаққандағы
құны болып есептелетіндіктен, нәпақасының адалдан
болғанын қалайтын жұмысшы мұндай өрескел қимылға
бармайды. Жасалған мәміленің талаптарын сақтау ту-
расында Құран кәрім де:
«Уа, мүминдер! Уәделеріңді
орындаңдар»
,
«Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде
сұралады»
, – деген («Ниса» сүресі, 1-аят; «Исра»
сүресі, 34-аят). Әйтсе де, өзіне тапсырылған істі төтенше
жағдайлардың салдары қолын байлап, бітірмеген немесе
қабілетінің шектеулігімен орындай алмаған болса, оған
жауапкершілік жүктелмейді.
Сонымен қатар, жұмысшы өзіне сеніп тапсырылған
құрал-жабдықтар мен өзге де дүниелерге үлкен
жауапкершілікпен қарауы тиіс. Жұмыс орнының, не бол-
маса қожайынның мүлкі аманат есебінде болғандықтан,
оны ысырап ету, бүлдіру кісі ақысын бұзу болып табы-