63
Кісі ақысының көп қырлылығы
лады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Әрқайсың
билеушісің және қарамағыңдағыларға жауаптысың.
Мемлекет басшысы –жауапкер, ол өз қол астындағылар
үшін жауапты. Ер адам - отбасына жауапкер және
отбасы мүшелерінің жағдайына бірінші алаңдаушы.
Әйел күйеуінің үйіне жауапкер. Қызметші (жұмысшы)
- қожайынның сеніп тапсырған мүлкіне жауапкер және
сол үшін жауапты»
, – деген
67
. Қарапайым ғана мысал,
жұмыс орнының рұқсатынсыз қызметтік көлікті жеке
басының шаруасы үшін мінуге, кеңседегі телефонды
қызмет бабынан тыс мақсаттарға пайдалануға болмай-
ды. Өйткені, сұраусыз дүние жоқ.
Ең алдымен қожалықтың басшысы жалдаған
жұмыскерінің ар-намысына құрметпен қарауы керек.
Жіберген кішігірім олқылықтары болса, кешіріммен
қарағаны жөн. Ал, ауыр сөздер айтып балағаттауға
мүлде қақысы жоқ. Және де қалыпты еңбек жағдайларын
жасау, шамадан тыс жұмыс жүктемеу, намаз, ораза
секілді ғибадаттарын орындауына кедергі келтірмеу
де жұмыс берушінің міндеті. Әйтпесе, ол кісі ақысын
елемеуі секілді өрескелдікке ұрынып, дініміз үшін харам
саналған жайтқа бой ұрған болып саналады. Сондай-ақ,
жұмыс берушінің тағы бір міндеті жалақыны уақытылы
және толықтай төлеу екені айтпаса да түсінікті.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһ тағаланың
«Мен қияметте мына үшеудің: менің атыммен ант
етіп, антынан тайған адамның, азат адамды құл деп
сатып ақшасын жеген адамның, жұмысшы жалдап
еңбекақысын бермеген адамның дұшпанымын»
68
дегенін
67
Бұхари. Ахкам 1; Тирмизи. Жиһад 27; Әбу Дәуіт. Әмара 1.
68
Бұхари. Бүю 106, Ижара 10.