Previous Page  61 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 216 Next Page
Page Background

61

Кісі ақысының көп қырлылығы

– Бәрекелді. Берекелі мал дегенің тек пәниде емес,

бақи дүниеде де ырзығын беретін дүние. Аллаһ тағала екі

дүниеде де жақсылық берсін саған. Бақты туыстарыңа

бергеніңді дұрыс деп білемін, – деді.

– Онда солай істейін, – деді де, Әбу Талха бақшаны

бауырлары мен немере аға-інілеріне бөліп берді»

64

.

Хазірет Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Туысқандықтың

қастерлі бауы Аршқа ілінген күйі адамдарға арнап:

«Мені сақтағанды Аллаһ қуаттап қолдасын. Менен

безгенді Аллаһ рақымынан құр қалдырсын»

65

, – дегенін

жеткізеді.

«Жоқ-жітікке берілген садақа

бір садақа,

туысқанға берілген садақа

екі садақа орны-

на жүреді. Біреуі - садақа сауабы болса, екіншісі -

ағайынға қарайласудың сауабы»

66

, – дейді тағы бірде

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

.

Дүниенің бір бақыты туыс-туғанмен көңіл жарас-

тырып, тату-тәтті өмір сүру емес пе? Пәни дүниенің

дейміз-ау, ағайынмен ат ізін суытпай араласып отырудың

ақыреттік сауабы да ұшан-теңіз.

4. Жұмыс беруші мен жұмысшы,

бастық пен бағыныштылардың ақысы

жайында

Дінімізде жұмыс беруші мен жұмысшы қатынастары

мәмілеге келу, өзара жәрдемдесу, құқық және әділдік

негіздеріне құрылған. Жұмыс беруші, жұмысшы,

қызметкер, бастық деп, қолындағы билігіне қатысты

64

Мүнзири. әт-Тәрғиб уә Тәрхиб 2/140.

65

Мүслим. Бирр уә сыла 17; Әбу Яла. Мүснәд 7/423.

66

Тирмизи. Зекет 26; Нәсаи. Зекет 82.