59
Кісі ақысының көп қырлылығы
қолдауына ие болатынын айтқан. Сондықтан, араздасқан
ағайынмен араға үлкендерді салып жарасқан, қажет
болса кешірім сұрап табысқан жақсы. Мұндайда
өзімбілемдікке салынып, нәпсінің жетегінде кеткен-
дер көп нәрсе жоғалтады. Есесіне көңіліне ауыр тисе
де ағайынмен татуласа білген жан Аллаһ пен елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтқанын істеп сауабын алады.
Тағы бір айта кететін жайт, ағайынға жасаған
жақсылығын түгендеп, «пәленшеге қиын сәтте жаны-
нан табылдым, түгеншеге мынадай жәрдемім тиді» деп
жүрген жерінде жарияға жар салу мұсылмандықтың
айнасына түскен дақ болады. Мұсылман жақсылығын
бұлдамайды, оның қарымын Аллаһ тағала еселеп
қайтаратынынжақсыбіледі. Сондықтан, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
айтқандай, «келмегенге барған, бер-
мегенге берген» дұрыс.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ризығының мол,
ғұмырының ұзақ болғанын қалайтын адамның туысқанға
қарасу керек екенін, бірінші болып жақын туысқа
жақсылық жасап, ат құйрығын шарт кесіп, өкпелі болған
ағайынмен татуласып, оның тілеуін тілеу қажет екенін
айтады. Туыстық туралы айтылған хадистерде ағайынға
сый-сияпат жасаудың құлды азат етуден анағұрлым сау-
апты іс екені, садақаны жақынына бергеннің әрі садақа
беру, әрі туысқанға қарасу сауабын алатыны, жаннатқа
апаратын амалдардың бірі ағайын-туысқа қарасу екені
және басқа да сауапты істер турасында сөз қозғаған.
Аллаһ тағала құдси хадисте:
«Уа, туысқандық
қасиет, сені берік ұстағанға қарасамын. Сенен безген-
мен байланысты мен де үземін»
, – дейді
61
.
61
Бұхари. Әдеп 13, Тәухид 35.