65
Кісі ақысының көп қырлылығы
– Ант етейін, мен Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Адамдарды дүниеде қасақана қинағандарға Аллаһ
міндетті түрде азап көрсетеді»
дегенін естідім, – дейді.
Мұны естіген әмір шаруаларды бұл жазадан босатқан
екен
71
.
Хадистерде қарамағымыздағы адамдармен бір да-
стархан басында отырмасақ та, ішкен-жегеніміз бен
кигенімізді олармен де бөлісуімізді, шамасы жетпейтін
жұмысқа жекпеуімізді міндеттейді.
«Қарамағында
бауыры күнелтетін әркім оған өз дастарханынан дәм
татырсын, өз кигеніндей киіммен қамтамасыз етсін.
Оларды қауқарыжетпейтінжұмысқажекпеңдер. Ауыр
тірлікке міндеттесеңдер, оларға өздерің де қолғабыс
жасаңдар»
72
.
«Қызметшілерің дастархан басында бірге от-
ырмайтын болса, оның үлесін бөлек алып беріңдер.
Өйткені, тамақты істеген сол»
73
.
Бұл хадистердегі қызметші сөзін үй күтуші,
көмекші, жұмыскер деп түсінуге болады. Қарамағында
осындай бағыныштылары барлар оларды мейлінше сый-
лап, ақыларын аяқ асты қылмай, сыпайы қарым-қатынас
ұстанғаны абзал.
Ескере кететін тағы бір жайт, іскерлік қатынастарда
ақшалай міндеттемелерді уақытылы қайтармауды
қоғамымызда жиі орын алатын келеңсіз оқиғалардың
қатарына жатқызамыз. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
қаржылық жағдайы келісті бола тұра, қарызын
71
Мүслим. Бирр 117-119; Әбу Дәуіт. Имара 32.
72
Бұхари. Иман 22, Итқ 15; Мүслим. Әйман 40; Әбу Дәуіт. Әдеп
124; Тирмизи. Бирр 29; Ибн Мажә. Әдеп 10.
73
Бұхари. Итқ 18, Әтғима 55; Мүслим. Әйман 42; Ибн Мажә.
Әтғима 19.