70
Ала жіпті аттама
солды шашу емес, шын мәнінде аса қиын іс. Көпшіліктің
тірлігіне жарғақ құлағың жастыққа тимей жүгіру.
Жұрттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау. Бастық бо-
луды лауазым емес, жауапкершілік деп қараған жөн.
Әманда ел билеу, басшы болудың ауыр аманаты ердің
еріне ғана жүктелген.
«Маған парыздарды орындау
әмірімен қоса адамдарды басқару әмірі де берілді»
деген
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
басқару ісін қабілет-
қарымы, төтеп берерлік шыдамы жететін адамдарға
тапсыруды аманат еткен. Ел басқарудың үдесінен кез
келген кісінің шыға алмасы анық. Ол үшін ақыл-парасат,
біліктілік, көшбасшылық қажет. «Ханда қырық кісінің
ақылы болады» деп бекер айтылмаған. Бір орынға бастық
боп қонжиғаннан кейін мойнындағы мекеме міндеттерін
ұмытып, қызмет бабын жеке мүддеге пайдалану қаншама
адамның, бәлкім, тұтас бір мемлекеттің ақысына қол сұғу
болып табылады. Мұның жазасы дүниеде де, ақыретте
де ауыр болатыны айтпаса да түсінікті.
5. Ерлі-зайыптылардың ақылары
Отбасы дегеніміз – қоғамның ең маңызды бір бөлігі.
Адамның жан-жақты қалыптасуында да отбасының
маңызы ерекше. Өйткені, балапан ұяда не көрсе, ұшқанда
соны ілмек.
Отбасы, ошақ қасында ерлі-зайыптылардың өзіндік
орны, атқаратын қызметі мен жауапкершілігі бар.
Ер адамды үйдің тірегі десек, шаңырақ иесі ретінде
оның міндеті де аз емес. Тіккен отауының жарастығы
үшін зайыбының ақыларына баса мән беруі керек.
Жұбайының артық тұстары болса, кешіріммен қарап,
қайын жұртымен жақсы араласуы қажет. Отбасын асы-