Previous Page  75 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 216 Next Page
Page Background

75

Кісі ақысының көп қырлылығы

аләйһи уә сәлләм)

да:

«Ұяттың болғаны жақсы, әйелдерде

болса тіпті жақсы»

дегені бар;

Үнемдей білу де үлкен өнер. Ысыраптың барлық

түрі харам. Әйелдердің осыған мән беруі;

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жиі дұға етуі;

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Күйеуі төсекке

шақырғанда әйелі бармай, күйеуі ашуланса,

күйеуінің төсегіне қайтқанға дейін немесе таңға

дейін періштелер әйелге лағынет айтады», – деген

87

.

Әйел затына мұны да қаперде ұстау;

Әйел адам үй ішінің жиһазын жарасымды реттеп,

отауын барынша сәнді ұстағаны абзал. Әйелдің

аса маңызды міндеттерінің бірі - балаларды

адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұндай ізгі қасиеттерді өзіне үлгі етуі әйелдің

имандылығына байланысты екені даусыз. Сондықтан

о баста қалыңдықты дұрыс таңдау керектігі турасында

Баласағұн бабамыздың мына кеңесін жастар уақытында

ескергені жөн:

Әйел алмақ болсаң егер қарарсың,

Жіті бағып, таңдаулысын аларсың.

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,

Пәк, ұятты болсын жанның тұнығы.

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,

Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.

Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,

Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.

Көркін емес ізгі құлқын аларсың,

Жақсы болса ерірсің де жанарсың.

Көркін қуып алма құлқы кемісті,

Құлық жақсы болса кемел келісті.

87

Бұхари. Бәдғул-халқ 7, Неке 85; Мүслим. Неке 122.