Previous Page  78 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 216 Next Page
Page Background

78

Ала жіпті аттама

Тіпті ұстазды қатты құрметтегені сонша – есігін қағудың

өзін әдепсіздікке балап, сыртта тұрып, шыққанын

күткен. Шәкірт ұстазына ғана емес, оның жақындарына

да құрметпен қараған. Ұстазының үй жағына аяқ созып

жатудың өзін тәрбиесіздік деп білген. Ұстазы өмірден

озған жағдайда, ата-анасына дұға еткеніндей, оны да

қайырлы, игі дұғасына қосқан

90

.

Білгенімен амал қылмаған ұстаз шәкіртін елітіп

әкете алмайды. Сыңаржақ, бұрыс білім берген адам

үлкен қиянат жасаған болып саналады. Ұстаздың

шәкірт өресіне, қарым-қабілетіне қарап ілім үйретуі -

оның біліктілігінің көрінісі. Сондай-ақ, ұстаз шәкіртіне

мейірбан, кешірімді, байсалды болуы тиіс. Әсілі,

шәкіртінің жеке басының кемшіліктеріне кешірімшіл

болғаны дұрыс.

Ұстаз білімге құлықсыз шәкіртке ақыл айтып, оқуға

ынталандыруы керек. Сауалдарына орынды жауап

беріп, жөнсіз ұрсып, жазғырмауы керек. Шәкіртін зи-

янды мәліметтерден үзілді-кесілді тыйып, жақсы жолға

бағыттауы шарт. Кей кезде өз қателігін де мойындай

білгені абзал. Қажет болғанда өзін шәкіртінің деңгейінде

ұстағаны жөн. Шәкіртін өзіне кіріптар қылу - мүлде

жаман қасиет. Дәрісті ақылы жүргізсе, соңғы минутына

дейін тиімді пайдалануы қажет.

Сынықтан сылтау іздеп оқушының тиісті бағасын

бермеуі – ақысын аяқ асты етуі. Шәкірт – ұстазға

тапсырылған аманат. Оларға тиісті білім беру ұстаздың

міндеті. Аманатқа қиянат жасау – ауыр күнә. Ешкім ба-

уыр еті баласын сенбейтін адамына тапсырмайды. Олай

болса, ұстаз ата-ананың үмітін ақтауы керек.

90

Ислам және өнеге. Қ. Бағашар. Көкжиек баспасы. 2011.Б.64.