Previous Page  83 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 216 Next Page
Page Background

83

Кісі ақысының көп қырлылығы

Достық туралы ел ішінде мынадай әңгіме тараған.

Ертеректе Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болып-

ты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

–Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет

тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық

та, екіншісі-амал достық. –Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай

ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық-өмірлік

нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп

жауап берген екен Әйтімбет.

Серәлі Еруәліұлы ақын да (1835-1876) өз өлеңінде

достарды бір-біріне адал болуға шақырып былай де-

ген:

Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы-жаман айтты деп елемейді,

Бақ-дәулет сол адамнан арылмайды.

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықты іздеп тұрар,

Жөніне татулықтың шабандамас...

ә) Әңгімелесу, сұхбат ақысы

«Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс. Оның

қадірін жетесіз адам білмес» деп Абай атамыз айтпақшы,

сұхбат пен әңгіменің де өз өлшемі мен әдебі барын ескер-

ген жөн. Құранда Аллаһ тағала:

«Шын мәнінде жасы-

рын жиналыс - мүминдерді кейіту үшін жасалған

шайтан ісі...»

(«Мужәдәлә» сүресі, 10-аят) – десе,

тақырыпқа қатысты хадисте:

«Үш кісі бас қосқанда,

екеуі өзара күбірлесіп, үшіншісін ыңғайсыз жағдайға

қалдырмасын»

делінген

94

. Рас, мұндай жағдайда шетке

94

Бұхари. Истизан 45; Мүслим. Сәлем 36; Әбу Дәуіт. Әдеп 24; Ибн

Мажә. Әдеп 50.