Previous Page  80 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 216 Next Page
Page Background

80

Ала жіпті аттама

Жетімдерді жеткізу, тәрбиелеп өсіру, қамқор

болу турасында Құран кәрім былай деген:

«Олар се-

нен жетімдер (яғни, олардың өздеріне және мал-

мүліктеріне қатысты ұстанымымыз қандай болу

керек деп) сұрайды. Оларға: «Жетімдердің жағдайын

жасап, оларды жақсылап жетілдіру және мал-

мүліктерін көбейту әлбетте қайырлы іс. Егер олар

қарайласу мақсатында етене араласып, бірге жүріп-

тұратын болсаңдар, әлбетте олар сендердің (діндес)

бауырларың. Аллаһ тағала кімнің бүлдіру ниетінде

және кімнің оңалтып, түзету ниетінде болғанын

жақсы біледі» - деп айт»

(«Бақара» сүресі, 220-аят).

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде сұқ

саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп: «Жетімді

өз қолына алған адаммен жаннатта мына екеуі сияқты

жақын боламыз», – дегені бар.

Сонымен жетімнің ақысы

не екен? Қысқаша тоқтала кетсек:

Жетімді қор көрмей, оған кеңпейіл, жомарттық

танытқандарАллаһтыңразылығынаие. «Фәжр»сүресінде

адамның басына қиындық туғызатын себептердің бірі

«жетімге құрмет көрсетпеу, тарту-таралғы жаса-

мау»

екені айтылған. («Фәжр» сүресі, 17-аят)

Жетімді тойындыру мен киіндіру - мұсылманға

тән қасиет. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Жетім-

жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын

созған кісі Аллаһ жолында жиһад жасаған, әр түнін

намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам

сияқты»

, – деген.

Жетімнің жанына жара салып, жазғыруға болмай-

ды. Мейірім көрсету қажет. «Дұха» сүресінде Аллаһ

тағала жетімді қайғыртпа деген («Дұха» сүресі, 9-аят).

Абдуллаһ ибн Мәсғудтан (р.а.) риуаят етілген хадисте