Previous Page  76 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 216 Next Page
Page Background

76

Ала жіпті аттама

Сұлу құмар, сұлуды аңсап сор қума,

Қызық жүзді сарғайтпа һәм қор қылма.

Жібек мінез – қыз-келіншек шырыны,

Біле білсең, әйел көркі - қылығы!

Ақылды, пәк болса, асылға баларсың,

Үш сипаттың бәрін содан табарсың

88

.

6. Ұстаз бен шәкірт ақысы

Инемен құдық қазғандай білім жолында талмай

іздену адам баласының жаратылысына тән. Қай за-

манда болмасын адамзат өркениет шыңдарына ақыл-

парасаттың, білімнің күшімен жеткен. Сол биікке жету

жолында дүниенің беймәлім адам жаратылысындағы сы-

рын танысам деген талпыныс қозғаушы күш болған.

Ұстаз ұғымы кісі өмірінде үлкен мәнге ие. Әсіресе,

қазіргі заманда ұстаз алдын көрмеген адам кемде-кем.

Білім мен ғылым заманы жиырма бірінші ғасырда кез

келген адам ұстаз бен шәкірт қатынасын өз деңгейінде

түсініп, екеуінің бір-біріне деген міндеттерін біле жүруі

керек. Әйтпесе, біз мән бере бермейтін болмашы жер-

ден мүлт кетіп, нәтижесінде кісі ақысын мойынымызға

жүктеп алуымыз мүмкін.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» (Абай)

демекші, тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың

көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым

сондай бір ізетпен еске алған. Айталық, Ескендір

Зұлқарнайын

Аристотельді, Абылай хан

Төле биді,

Шәкәрім

Абайды, Бердақ

Күнқожаны, Жамбыл –

Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы

жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің

өмірінде бағындырған биік асуларына ұстаздарының

88

Ж. Баласағұн. Құтадғу білік. Алматы. Жазушы, 1986ж