Previous Page  79 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 216 Next Page
Page Background

79

Кісі ақысының көп қырлылығы

Ұстаз шәкірті алдында сабырлы болып, сол арқылы

білімнің салмағын көрсетеді. Шәкіртімен етене жақын

болу, белгілі бір шекараны сақтамау жақсылыққа апар-

майды.

Ал, шәкірт ұстазға мұқтаж болғандықтан, оның ал-

дында әдептен аспауы керек.Шәкірт үшін ұстаз - білімнің

көзі, екі дүние бақытына бастар жолды көрсетуші.

Ғалымдар - пайғамбарлардың мирасқорлары.

Сондықтан, шәкірт «

Ұстазыңды әкеңдей сыйла» деген

халық даналығын ұмытпағаны жөн.

Ұстаз

алдына барған

шәкірт артық сөйлемей, онымен қызыл кеңірдек болып

айтыспауы керек.

7. Жетімнің ақысы

Дініміз жетімнің көз жасына қалған адамның о

дүниеде отпен жазаланатынын, жетімнің малы мен ша-

руасын оның өз қолы өз аузына жеткенше қараудың

адамгершілік екенін

91

ескертіп, жетім ақысының аяққа

тапталмауына үлкен мән берген.

Құран кәрім бұл тақырыпта былай дейді:

«Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды

жақсымен алмастырмаңдар. Олардың малдарын

өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені, ол

күнә»

(«Ниса» сүресі, 2-аят).

«Жетімнің малын әділетсіздікпен жегендер

қарындарын отпен толтырады. Олар сөзсіз жалын-

даған тозаққа кіреді»

(«Ниса» сүресі, 10-аят).

«Жетімніңмал-мүлкіне балиғатшағынатолғанға

дейін (сақтау немесе көбейту сияқты) жақсы жол-

мен (түзу ниетпен) болмаса, жоламаңдар»

(«Әнғам»

сүресі, 152-аят).

91

Бұхари. Уәсая 23, Тыб 38, Худуд 44; Мүслим. Иман 145.