82
Ала жіпті аттама
килікпейді, сәттілікке жаңа сәуле береді. Достықтың жа-
нашыр лебі ескен кезде сені торуылдаған сәтсіздіктер өз-
өзінен ыдырап келмеске кетеді» деген екен ежелгі Рим
ойшылы Цицерон. Кез келген мұсылманның басқа бір
мұсылман ақысына үлкен жауапкершілікпен қарайтыны
белгілі. Ал, бұлар өзара дос болса, жауапкершілік мүлде
ұлғая түспек. Ғалымдар мұны былайша қарастырған:
1. «Жақсы жолдас жанға серік, жаман жолдас малға
серік» деген, достықтың негізінде мал-мүлік пен жеке
мүдде емес, рухани үндестік жатуы керек. Достық
деген қалтқысыз көңілмен тек Аллаһ разылығына
бағытталмақ;
2. Дос достың айыбын ақтарып, кемшілігін іздемеуі
қажет;
3. Дос достың көңіліне қаяу түсіретін сұмпайы
әрекетке бармайды;
4. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өсиетіне
сай, кісі досына өзінің оны жақсы көретінін білдірсін;
5. Қиын-қыстау күндері көңіліне медет болсын;
6. Досын өзінен де артық көріп, оған ешқандай
салмақ салмауға, қиындық тудырмауға тырысуы;
7. Адалдықтан айнымауы;
8. Жолдары бір болса, жол бойы бір-біріне
қарайласуы; Сахабалардың бірі, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір сапарда:
«Басы артық мініс
көлігі барлар малын жаяуларға берсін. Тамағы көптер
тамақтарын басқалармен бөліссін» дегенін айта келіп:
«Біз дүниеде басы артық ешбір ақымыз жоқ-ау, деп
ойлап қалдық»
93
, – дейді.
9. Достар ары кетсе үшеу болады. Егер одан көп
болса, араларынан біреуін басшы сайлауы тиіс.
93
Мүслим. Луката 18; Әбу Дәуіт. Зекет 32.