84
Ала жіпті аттама
шығып қалған үшінші адам ыңғайсызданып, әлгі екеуіне
реніш білдіруі де мүмкін.
Үш кісі қатар отырғанда, екі адамның өзара үшінші
адам білмейтін тілде сөйлесуі де орынды іс емес. Ал, кісі
қарасы үштен көп болған жағдайда екеуара сыбырласуға
тыйым салынбаған.
Хадистерде Аллаһтың сүйген құлдарымен бірге
болу, олармен көбірек әңгімелесу туралы жиі айтыла-
ды.
«Бір адам сырқаттың көңілін сұрай барса, не бол-
маса Аллаһ үшін жақсы көрген адамына кіріп шықса,
оған бір періште: «Жарайсың! Жақсы сапар шектің.
Өзіңе жұмақтан орын дайындадың», – деп айтады»
95
, –
делінген. Хадисте кісімен араласудың астарында Аллаһ
разылығы көзделсе, періштелердің мақтауына ие бола-
тыны айтылған.
9. Жарлының дәулетті адамдағы ақысы
Кедейдің бай адамдағы ақысы дегенде ойға көбіне
көп материалдық жағынан қарасу жайы оралады. Бірақ,
бұл онымен шектеліп қалмайды. Ең әуелі кедей де са-
налы адам, Құдайдың құлы, олай болса айтылған ты-
йымдар оған да қатысты. Мәселен, кедей көрші болса
байда көршілік қақысы бар, туыс болса – ағайындық
қақысы бар, мүмин болса – Исламдық қақысы бар, әке-
шеше болса – ата-аналық қақысы бар. Әйтсе де тақырып
жарлылық туралы болғандықтан, мәселе айналып келіп
материалдық көмекке тіреледі.
«Ораза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс» депАбай ата-
мыз айтпақшы, байдың кедей алдындағы міндеттерінің
бірі – зекет және пітір садақасын беру. Құран кәрім:
«Олардың малдарында сұрағанның да, сұрамағанның
95
Тирмизи. Бирр 64; Ибн Мажә. Жәнаиз 2.