73
Кісі ақысының көп қырлылығы
тамашалауға алып барған
85
. Тағы бірде осы Айша
анамызбен жарысқаны да бар
86
.
♦
♦
Үй ішіндегілердің бақыты да отағасының мойнында.
Адамның бақытты болуы көбіне діни танымына
байланысты. Өйткені, дін қос дүниенің бақытына
бастайтын жалғыз жол. Сол себепті отағасы отбасы
мүшелерін діни біліммен сауаттандырып, олардың
ғибадатын қапы жібермеуіне, ахлағын жетілдіруіне
жағдай жасауы керек.
♦
♦
Әйелінен бастап, бүкіл отбасы мүшелерін жақсы
көріп, өзін де жақсы көргізе білуі керек.
ә) Әйелдің ері алдындағы міндеттері
Құқық саласында бір адамның міндетінің дұрыс
орындалмауы, екінші бір адамның құқығының бұзылуы
болып табылады. Бір адам өз жауапкершілігін орын-
дамай отырып, басқа бір адамның ақысын аяқ асты
етеді. Сондықтан, міндетіне жауапсыз қараған
адамның ақыретте жағдайы мүшкіл болады. «Құдайдан
қорықпағаннан қорық» демекші, расында Құдайдың
құдіретінен титтей де сескенбейтін адам – қиянаттың
кез келгеніне бара алады. Ал, біреудің ала жібін аттамай,
адал өмір сүру ең алдымен тақуалықты қажет етеді.
Біз алдыңғы бөлімде үй иесі отағасының міндеттерін
айтып өттік. Ал, бұл бөлімде отбасы ұйытқысы әйел
затының міндеттерін сөз етпекпіз. Төменде келтірілген
тұжырымдарды кейбіреулер анахронизм, ескінің
қалдығы деуі де мүмкін. Бірақ, не десек те мұның өмірдің
өзінен алынғаны шындық.
85
Бұхари. Саләт 70; Нәсаи. әл-Мүжтәба. – Каир. 1930; Ибн Хажар.
әл-Мәталиб 4/129, 11/250.
86
Ибн Мажә. Неке 50; Әбу Дәуіт. Жиһад 68.