68
Ала жіпті аттама
де, үңгірдің аузындағы тас жылжып, үшеуі аман-есен
сыртқа шықты»
79
.
4. Жұмысшыға шамадан тыс тапсырма бермеу,
мүмкіндігінше оғанқолғабысжасаужағықарастырылған.
Шұғайып (а.с.) пайғамбар Мұса (а.с.) пайғамбарды сегіз
жылға жұмысқа жалдамақ болғанда:
«Саған машақат
қылуды қаламаймын. Аллаһ қаласа, мені ізгілерден
табарсың»
– деген болатын («Қасас» сүресі, 27-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жұмысшының ісі
қиындап кетсе, қожайыны да қол ұшын беру керектігін
айтқан
80
.
5. Өмірге, денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларда
жұмысшыға жұмыс берушімен жасалған мәмілені бір
жақты бұзуға рұқсат берілген.
6. Игерілмей құр жатқан мүлік пен жерді әлеуетті
адамдарға беріп, жұмыссыздықтың алдын алу мәселесі
қарастырылған.
7. Қарауындағы құрал-жабдықты, мүлікті қасақана
бүлдірмесе, келтірілген материалдық шығынды
жұмысшыдан өндіруге болмайды. Егер басында мәміле
солай жасалса, жарамсыз болып табылады делінген.
8. Мына жағдайларда жұмыс берушімен мәмілені
бұзуға рұқсат етілген: еңбекке жарамсыздық, кәмелетке
толмаған жаспен мәмілеге жасасу, жұмыс берушінің
мәміле талаптарын сақтамауы, жұмысшының кіріптар-
лық жағдайында арзан пұлға жалдануы.
9. Еңбек қабілеттілігі кеміген жағдайда мүгедек
жұмысшыға өтемақы төлеу жұмыс берушіге
жүктелген.
10. Жасы ұлғайған жұмысшыға жеңіл жұмыс беру
жағы да қарастырылған.
79
Бұхари. Ижара 12.
80
Бұхари. Иман 22, Итқ 15; Мүслим. Әйман 40; Әбу Дәуіт. Әдеп
124; Тирмизи. Бирр 29; Ибн Мажә. Әдеп 10.