67
Кісі ақысының көп қырлылығы
1. Дініміз еңбекті жоғары бағалаған. Адам
баласының табан ақы, маңдай терімен табыс тапқанын
құптаған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
отын сатып
күн көрудің өзі жұртқа қол жайғаннан әлдеқайда артық
екенін айтқан
77
.
2. Еңбек саласында әділетсіздікке жол берілмеген.
Сондықтан, егіндік жерді жалға бергенде, өнімнің
түсімінен тағы да қосымша үлес қарастыруға тый-
ым салынған. Өйткені, қуаңшылық және басқа да ауа
райының қолайсыздығы салдарынан қырманның аз жи-
налу мүмкіндігі ескерілген.
3. Жұмысшының жалақысын уақытылы және толық
төлеуге үлкен мән берілген.
«Жұмысшының ақысын
маңдай тері құрғамай тұрып беріңдер»
, – деген
78
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мына бір оқиғаны
әңгімелейді: «Бір үңгірге кездейсоқ кіріп, қамалып
қалған үш адам жасаған жақсылықтарын айтып, Аллаһқа
жалбарынады. Олардың бірі: «Уа, Раббым, мен үш
жұмысшы жалдаған едім. Олардың екеуі еңбекақысын
алды, бірақ үшіншісі алашағын алуға келмеді. Тиесілі
қаражатын өзім пайдаланып кетпей, оның есебінен іс
жүргізіп, көп мал-мүлік жинадым. Араға жылдар са-
лып күндердің бір күнінде әлгі қызметшім келіп ақысын
сұрады. «Мен сол уақыт аралығында жиналған байлықты
көрсетіп, «мынаның бәрі сенің жалақыңа тиесілі» дедім.
Ол мал-мүлкінің бірін қалдырмай жинап алып кетті.
Раббым, егер мұның бәрін тек сенің разылығың үшін
жасаған болсам, бізді құтқара гөр!» – деді. Қалған екі
жігіт те өздерінің сауапты амалдарын тілге тиек еткен-
77
Бұхари. Зекет 50, Бүю 15; Тирмизи. Зекет 38.
78
Ибн Мажә. Рахина 4.