Previous Page  64 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 216 Next Page
Page Background

64

Ала жіпті аттама

айта келе, «Жұмысшының ақысын маңдай тері құрғамай

тұрып беріңдер» деген

69

.

Исламқұқығындажұмысшыны істейтінжұмысының

сипатына орай, жеке жұмысшы және мердігер деп

екі сыныпқа бөліп қарастырады. Жеке жұмысшы де-

ген өлшемге өзімізге таныс кез келген мекеме немесе

кәсіпорында, сондай-ақ жеке кәсіпкердің қарамағындағы

жұмысшыны айтамыз. Тұрақты түрде аптасына 40 сағат

жұмыс істеуге келіскен бұл жұмысшы осы уақытты

толықтай қызметіне бөлуі тиіс. Берілген тапсырманы

уақытынан бұрын орындап қойса да, жұмыс орнынан

тапжылмауы керек, не болмаса уақытын ұтымды пайда-

лану үшін жұмыс берушімен алдын-ала келіскені жөн.

Ал, мердігер дегеніміз - әдетте бір жолға ғана

қызмет көрсетумен айналысатын шаштараз, тігінші,

аяқкиім жөндеуші және ұста, құрылысшы секілді белгілі

бір жұмысты атқарған соң қызмет көрсету мерзімі

аяқталатын мамандық иелерін атаймыз.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жұмыс берушінің

ақысына мұқият қараған жұмысшыға берілетін сау-

ап туралы:

«Аллаһтың және қожайынының ақысын

сақтаған құлдың барлығына Аллаһ екі есе сауап береді»

,

– деген.

Хишам ибн Хаким ибн Хизам (р.а.) Шам қаласында

төбесінен зәйтүн майы құйылып, күннің астында тұру

жазасы кесілген шаруаларды көріп:

– Бұл не сұмдық? – деп сұрайды.

– Жер салығын

70

төлемегені үшін, – деген жауап

алады. Сонда Хишам (р.а.):

69

Ибн Мажә. Рахина 4.

70

Басқа бір нұсқада жизия салығын. Автор.