Previous Page  60 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 216 Next Page
Page Background

60

Ала жіпті аттама

Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта мынадай

әңгіме бар: «Біреу келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен

туыстарыма барып тұрамын, бірақ олар маған келмейді.

Қанша жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық

көрсетеді. Қанша түсіністікпен қараймын, бірақ олар

керісінше істейді», – деді. Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Егер осының барлығына төзіммен қарасаң,

олар мұндай әрекеттері арқылы тұмсығын қып-қызыл

шоққа сұққандай болады. Сен бұлай істеген сайын Аллаһ

сені қолдайды»

62

, – деген еді.

Әнес ибн Мәликтен (р.а.) жеткен мынадай бір хадис

бар: «Мәдиналық ансарлар арасында құрма бағының ең

көбі Әбу Талхаға тиесілі еді. Әбу Талха нәби мешітінің

алдындағы Бәйруха деп аталатын құрма бағын ерек-

ше жақсы көретін. Аллаһ елшісі де

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сол баққа жиі барып, сондағы тұщы құдықтан шөл

қандырушы еді.

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жо-

лында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете

алмайсыңдар»

63

деген аят түскенде, Әбу Талха Аллаһ

елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

алдына келіп:

– Хақ тағала

«Сүйген нәрселеріңді Аллаһ жо-

лында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете

алмайсыңдар»

деп аятты уахи етті. Менің жаныма

жақын дүнием - Бәйруха бағы. Соны Аллаһ разылығы

үшін садақа қылдым. Мәуелі бақшамның сауабын Аллаһ

ақыретте азық қып қайтарса деймін. Бәйруханы не

істеймін десең де еркіңде, – дейді. Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

62

Мүслим. Бирр уә сыла 22; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/300,

412.

63

«Әли Имран» сүресі, 92-аят.