56
Ала жіпті аттама
шүйіркелесулерін мерекедей көріп, мәз болып, арала-
рында жүретін еді. Көршіліктің жан марқайтар рухын
жүректеріне дарытып, кейін үлкейгенде, көргендерін
өздері айнытпай қайталайтын еді.
Алыстан ағайын, құда-жекжат, құрметті қонақ келе
қалғанда немесе үй иелерінің бірі сапардан оралғанда,
көршісі сәлемберіпшығатын еді. Отағасының өтінішімен
қонақтармен бірге отырып, әңгімелесіп, өткен-кеткенді
сөз етіп, кейде оны ән-жыр, терме, дастандарға, күйге
ұластыратын еді. Осының бәрі балаларға ел өмірі, тіл-
өнер туралы сабақ, дәстүр-салт, тарих мектебі, әдеб-
инабат тағылымы болып саналады. Олар – зорлаусыз,
міндеттеусіз, сұраусыз, бірақ жас баланың жан дүниесін
баурап алып, ақыл-ес және көркемдік-сезімдік зердесінде
өшпестей болып жазылатын дәрістер болған.
Ауырып-сырқап қалғанда, көңіл сұрау, той-томалақ,
өлім-жітімді атқарысу өз алдына, үлкендері жолаушы
кеткен көршінің отбасына қарайласып, бас-көз болып,
шаруасын, мал-жанын түгендеп, ақыл-кеңес беріп,
шамасы жетпей, қолынан келмей жатқан жерлерін
жөндеп жіберетін еді. Момын, әлсіз, ауру, жас немесе
кәрі көршінің біреуде кеткен есесін іздеп, қуысатын еді.
Соғымға сойылған малдың басына шақырысып, әйелдер
жағы дәмді, әуес тағамдарын бір-біріне аяқ-табақпен
балаларынан беріп жіберетін еді. Ауық-ауық бір-біріне
дәм татқызар еді. Мұның бәрі ара дәнекер, ынтымақ,
ауызбірлік ұйытқысы, сенім кепілі міндетін атқаратын,
нақты мәнге ие болатын»
55
.
55
Ұ. Асылов. Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану «Мектеп» баспасы. 1998.
Б. 175-176.