53
Кісі ақысының көп қырлылығы
шағым жасап: «Уа, Раббым, ол маған білгенін үйретуден
қашты, есігін тарс жапты», – деп кейістік білдіреді».
Бұл аталы сөз мүминнің басты тәблиғ (дінді баян ету.
Автор.) міндетін еске салады. Дінді насихаттаудың та-
лаптары Ислам құндылықтарын әркез басқаның сана-
сына құя білу, жүректерге иман нұрын ұялату секілді
қасиетті де сауапты іске құрылған. Мүмин көрші-қолаң,
құрбы-құрдас, әріптестеріне дін-иман тақырыбында
білгендерін баяндап, оларға сөзімен де, өнегелі ісімен де
үлгі болуға талпынуы тиіс. Әйтпесе, мақшар таңында өз
көкейіне түйгенін өзгелерге үйретуге сараңдық танытқан
білгірдің кебін киеді.
Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадис былай
дейді:
«Аллаһ тағала жолдастың жақсысын жол-
дасына пайдасы тигені деп біледі. Сондай-ақ, Аллаһ
тағала көршінің жақсысын көршісіне пайдасы тигені
деп біледі»
49
.
Әлдекімнің тасы өрге домалап, басына бақыт
құсы қонса, Аллаһтың берген бұл нығметіне көршінің
де ортақ екенін төмендегі хадистен білеміз: «Бір кісі
Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келіп өзінің киерге
киім таппаған кедей екенін, жыртығына жамау сұрайтын
ешкімі жоғын айтып мұңын шақты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
одан көршісінің бар-жоғын сұрады.
Ол көршісі бар екенін және оның қос жамылғысы ба-
рын айтады. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Сенің жалаңаш жүргеніңді біле тұра көйлегінің біреуін
бермеді ме?» – деп сұрады. Әлгі адам: «Берген жоқ», –
деп жауап қатты. Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Ол сенің бауырың емес», – деп кесіп айтты»
50
.
49
Тирмизи. Бирр 28.
50
Хәннад. әз-Зухд 2/507.