Previous Page  49 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 216 Next Page
Page Background

49

Кісі ақысының көп қырлылығы

екіталай болса да, өресі озық, саналы мұсылманның

мұны ескере жүретініне сенгіміз келеді.

2. Көрші ақысы

Дінімізде көршілік қарым-қатынас адамға

туыстық ақы секілді, тіпті одан да артық міндеттер

жүктейді. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай

деген:

«Көршінің ақысы олардың ынтымағы мен

байланысының дәрежесіне орай үш сатыдан тұрады.

Үш ақысы да түгел көршілер – әрі мұсылман, әрі тегі

жақын (туыс) саналатындар. Бұлардың көршілік, Ис-

лам және туыстық ақылары әрдайым өз күшінде. Екі

ақысы бар көрші – мұсылман көрші. Оның көршілік

және мұсылмандық ақысын орындау шарт. Бір ғана

ақысы бар көрші – діні бөлек көрші»

39

.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде: «Көрші

ақысының не екенін білесіңдер ме? Көмек сұрағанда

жәрдем жасауға тиіссің, демеуіңе мұқтаж болғанда

аянбауың шарт. Қарыз сұраса бер, әл-ауқаты төмендесе,

оның мойнындағы алашағыңды кешіргенің дұрыс.

Ауырғанда халін біліп, отбасы қара жамылғанда жа-

назасына бар. Қуанышына ортақтасып бірге қуанып,

тағдырдың тауқыметін тартып, өмірдің мехнатын кешіп

жүрсе - жұбату парызың. Көршінің рұқсатынсыз үйіңді

оның үйінен биік етіп салма. Ешқашан зорлық көрсетпе.

Аздаған нәпақа тапсаң да, көршіні құр қалдырмай ауыз

тигізгейсің, қолыңдағың үй ішіңе жетер-жетпес бол-

са, тапқаныңды көршіңе көрсетпе, бала-шағаң аулаға

алып шықпасын. Себебі, көршінің баласы оны көріп

қызығады. Ас дайындарда тамақтың иісін аңқытып

39

Хәннад. әз-Зухд 2/501/509.