Previous Page  44 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 216 Next Page
Page Background

44

Ала жіпті аттама

– Анаңа, – деді.

– Содан соң кімге? – деп сұрады.

– Анаңа, – деген жауап алды.

– Содан соң кімге? – деп және қайталағанда:

– Анаңа, – деді.

– Содан соң кімге? – деп сұрады. Бұл жолы Аллаһ

елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оған:

– Әкеңе, – деп жауап қатты

33

.

Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен тағы бір хадисте

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Әке-шешесі бола

тұра оларды күтіп, сауапқа кенеле алмаған немесе

олардың біреуі қолында қартайғанда разылығына ие

болмай жаннаттан құр қалған жанның жағдайы қандай

өкінішті», – деген

34

.

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) былай дейді: «Бір

кісі Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келіп:

– Хижратпен өзге аймаққа қоныс аударуға және

жиһад жасауға келісе отырып, саған сеніммен ант

етемін. Бұлардың сауабын Аллаһтан күтемін, – деді.

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Әке-шешеңнің көзі тірі ме? – деп сұрады.

– Екеуінің де көзі тірі, – деді.

– Аллаһтан сауап алуды тілейсің ғой, солай емес

пе?

– Иә, – дегенде Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Әке-шешеңнің қасына бар. Оларға жақсылап

қара, – деді»

35

.

«Бес уақыт намазыңды жинамасаң,

33

Бұхари. Әдеп 2; Мүслим. Бирр 1; Ибн Мажә. Уәсая 4; Әбу Дәуіт.

Әдеп 120.

34

Мүслим. Бирр 9-10.

35

Бұхари. Жиһад 138, Әдеп 3; Мүслим. Бирр 6.