Previous Page  41 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 216 Next Page
Page Background

41

Кісі ақысының көп қырлылығы

Тақырыпқа қатысты аят пен хадистерден ұққанымыз

- Аллаһ тағалаға серік қоспай, ата-ана, ағайын-туған,

жетімдерге қарайласа білу, адамзаттың асылына

бұйырылған абыройлы іс. Раббымыз ата-анаға жақсылық

жасауды, шашы ағарып, жанары жасығанда аялап

қарауды, оларға ешуақытта қабақ шытпауды әмір етеді.

Уақытында оқылған намаздан кейінгі қайырлы амал

- ата-ананың қолын жылы суға малып күту. Қартайған

ата-анасының қарғысына қалған жан жаннаттың есігінен

сығалай да алмайтынын, қарайласатын ешкімі жоқ

қарттарды бағып қағудың жиһадтан анағұрлым берекелі

екенін, мүшрік болса да ата-анаға бағыну керек екенін,

үйленіп тұрмыс құрғанда ата-ананың сөзін тыңдау керек

екенін хадистерден оқып білген едік.

Ата-ананың ақысын, яғни перзенттің ата-анасы

алдындағы міндеттерін қысқаша төмендегідей

санамалауға болады:

– Баласы ата-анасының нәпақасын, керек-жарағын

тауып беру;

– Ата-анасын сыйлап, олардың атын атамай, бірге

жүргенде алдына шықпай, артынан ілесіп жүру

27

;

– Ата-ананың рұқсатынсыз сапарға шықпау;

– Ата-анаға дауыс көтермеу, қабақ шытпау

28

;

– Жасаған жақсылығын бұлдамау;

– Қайтыс болса дұға ету, олар үшін Аллаһтан

кешірім сұрау, солардың атынан садақа беру. Өсиетін

орындап жиі-жиі қабірлерін зиярат ету

29

;

27

Әрзурумлу Ибраһим Хаққы. Мағрифатнама 2/162. 4-басылым.

28

Ибраһим Экен. Куллук 26-27. – Стамбул.

29

А. Насых Улван. Тәрбиятул Әулад 1/150. – Бейрут. 1981.

3-басылым.