Previous Page  40 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 216 Next Page
Page Background

40

Ала жіпті аттама

1. Ата-ана мен баланың ақысы

а) Ата-ананың ақысы

Ата-ананың ақысы өз алдына үлкен тақырып.

Перзенттің ата-анасы алдындағы жауапкершілігі

Аллаһтың парыз еткен ғибадаттарынан кейін тұратыны

баршамызға белгілі. Бұған жүрдім-бардым қараған

адамдардың дүние мен ақыретте тыныштық таппайты-

ны Құран аяттары мен хадистерден белгілі.

Қартайып қайғы ойлаған, бала-шағасының тілеуін

тілегеннен басқа ойы жоқ ақсақал-кейуаналарымызды

қарттар үйіне апарып орналастыру қазіргі күннің өзекті

мәселелерінің біріне айналып отыр. Көнелердің көзіндей

болған қарттарға керегі қарттар үйінің жайлы төсегі

мен жылы-жұмсақ асы емес, бала-шағасының арасында

отырып, солардың қызығын көру болса керек.

Бойындағы қуаты кеміп, өмір базарынан өз

үлесін тауысқан әрбір қарияның арманы - бейнетінің

зейнетін көріп, ұл-қызының ортасында қалған жасын

құрметпен өткізу. Қарттар үйінің терезесінен тысқа

телміріп, немерелерімнің дауысын қашан естимін деп

елеңдеумен күй кешуі - қай қарттың болмасын жанына

түскен жазылмас жара. Осындай қауқарсыз шағында

баласының өзін өмірге әкелген ата-анасына кезінде

өзіне өбектегендей етіп қарау, оларға пана болу -

Аллаһ тағаланың мұсылмандарға берген әмірі. Кезінде

өзін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай

мәпелеп өсірген, мейірлене бауырына басқан ата-

анасының белі бүгілген күнінде керексіз етіп тастап,

қарақан басының қамымен алысып, әке мен шешені

бағуды ауырсыну адамгершілікке жатпайды.