Previous Page  43 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 216 Next Page
Page Background

43

Кісі ақысының көп қырлылығы

омыраудан айыру отыз ай...»

(«Ахқаф» сүресі, 15-

аят).

Перзенттің ата-ана алдындағы міндеттері туралы

біршама хадистер келтіре кетейік. Абдуллаһ ибн Мәсғуд

(р.а.) айтады:

«Бірде Аллаһ елшісін

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

әңгімеге

тартып:

– Аллаһтың ең ұнатқан амалы қайсы? – дедім.

– Уақытында оқылған намаз, – деп жауап берді.

– Сосын қайсы ғибадат бағалы? – деп сұрадым.

– Анаңа және әкеңе жақсылық жасау және бағыну,

– деді.

– Содан кейінгі ең құнды құлшылық не? – дедім.

– Аллаһ жолындағы жиһад, – деді ол»

30

.

Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай дейді:

«Ешқандай перзент әкесінің ақысын ақтай алмайды.

Тек, әкесі біреудің есігіндегі құлы болса, оның басы-

на азаттық әперген жағдайда ғана біршама өтелгендей

болады»

31

.

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Әке – жаннаттың ортаңғы қақпасы. Қаласаң оны

тәрк ет, қаласаң сақта»

, – деген

32

.

Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис те

көпшілікке мәлім. Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуа-

ятта бір кісі келіп:

– Уа, Аллаһтың елшісі, кімге жақсылық жасайын?

– деп сұрады. Аллаһтың елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

30

Бұхари. Мәуақыт 5, Жиһад 1, Әдеп 1, Тәухид 48; Мүслим. Иман

137-139; Тирмизи. Салат 14, Бирр 2; Нәсаи. Мәуақыт 51.

31

Мүслим. Итқ 25; Әбу Дәуіт. Әдеп 120; Тирмизи. Бирр 8; Ибн

Мажә. Әдеп 1.

32

Тирмизи. Бирр 3.