Previous Page  46 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 216 Next Page
Page Background

46

Ала жіпті аттама

Мүбәракқа біреу келіп, балаларының бірінен қатты

көңілі қалғанын айтады. Сонда Абдуллаһ ибн Мүбәрак

одан: «Балаларыңды қарғап-сілеп пе едің?» – деп

сұрайды. «Иә» дейді әлгі кісі. Сонда ғалым: «Ендеше,

ешкімге кінә артатын жөнің жоқ. Балаларды бұзған өзің

екенсің», – дейді.

– Әлдене үлестіргенде, не болмаса сыйлағанда ала-

ламау; Нұғман ибн Баширдің (р.а.) айтуынша, әкесі оны

Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құзырына апарып:

– Мен иелігімдегі құлымды осы балама ұсындым,

– дейді. Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Бұған атағаныңдай басқа балаларыңды сый-

сияпаттан құр қалдырмаған шығарсың? – деп

сұрайды.

– Жоқ, олай етпедім, – деді Башир (р.а.).

– Онда мына мұраңды қайтып ал! – дейді

Пайғамбарымыз.

Хадистің басқа бір нұсқасында «Расулаллаһ

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Аллаһтан қорқыңдар, балалардың арасында

әділетті болыңдар»

деген еді. Содан соң әкем сөзінен

бас тартып маған арнаған күтушіні қайтып алды» дейді

Нұғман

37

.

Шынымен де, бөліп-жару балалар арасында

бақталастық пен қызғаныш сезімдерін оятады. Ата-

анаға деген көңілдері де суи бастайды. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір шаңырақ астындағы барлық балаға

теңдей қарауды, оларды барлық жағдайда да алаламау-

ды талап еткен.

– Баланың ойнауына жағдай жасау; Ересектер

әдетте баланың ойынына мән бермейді. Жыламаса бол-

ды, аш құлақтан тыныш құлақ дейді. Өз аяғымен жүріп-

37

Мүслим. Хибат 13.