52
Ала жіпті аттама
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көршімен
көршінің арасындағы татулықтың туын тұғырынан
құлатпауды шаңырақтың отанасына тапсырған. Мұның
себебі, әдетте қазан-ошақтың билігі әйел затының
қолында болғандықтан болар.
Көршіңіз не берсе де қомсынбай ризалықпен ала
біліңіз. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһ үшін
ұсынылған нәрсенің көлемі болмайтынын айтқан.
Сондықтан, көршінің ақ ниетпен әкелген базарлығын
риясыз көңіл хошымен қабыл алып, алғыс айту қажет.
Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Көршің өз үйінің ауласы жағындағы
қабырғасына шеге қаққысы келген болса, оның қолын
байлама
» деп өсиеттегенін айтады. Әбу Хұрайра (р.а.)
хадисті жеткізген соң жанында отырғандарға: «Неге осы
сүннетті орындауға күш салмайсыңдар? Уаллаһи, сендер
жалғастырып әкеткенше өзім осы сүннетті орындауға
тырысып бағамын», – деген екен
46
.
Тағы да Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте:
«Аллаһ пен ақырет күніне сенген кісі көршісінің мазасын
алмасын және қонағын разы қылсын. Аллаһ пен ақырет
күнінің кәрінен қорыққан адам тым болмаса пайдалы
кеңес берсін, не болмаса үндемесін»
, – делінген
47
.
Бірде Айша анамыз (р.а.) «Екі көршімнің қайсысына
сый-сыяпат берейін?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Есігі жақын тұрғанына бер», – деп
жауап қатқан
48
.
Абдуллаһ ибн Омардың мына бір сөзі тақырыпқа
талғажау боларлық: «Қиямет күні қаншама көршілер
46
Бұхари. Мәзалим 20, Әшриба 24; Мүслим. Мүсакат 136.
47
Бұхари. Неке 80, Әдеп 31, 85, Риқақ 23; Мүслим. Иман 74-75
48
Бұхари. Шуфға 3, Хиба 16, Әдеп 32.