Previous Page  58 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 216 Next Page
Page Background

58

Ала жіпті аттама

пен ақырет күніне сенген адам қонағын күтсін. Аллаһ

пен ақырет күніне сенген адам туыстарына қарассын.

Аллаһ пен ақырет күніне сенген адам не жақсы сөз айт-

сын, не болмаса үндемесін»

57

деген Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қонақ болудың мерзімі үш күн екенін,

одан асқан мерзімде түскен шаңырағына қиындық ту-

дыратынын және үй иесінің қонақты үш күннен кейінгі

асырауы нәпіл садақа саналатынын айтқан

58

.

Халид ибн Зәйдтен (р.а.) риуаят етілген хади-

сте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай деген:

«Қонағын ішкізіп жегізген, зекетін берген және

ауыртпалықта қарасқан адам сараңдық сорынан

құтылған бақытты»

59

.

Дініміз қайтыс болған туған-туыс пен көрші-

қолаңның қарызын тезірек төлеп, жылдамдатып қабірге

қою қажет екенін Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

аузымен жеткізген:

«Мүминнің рухы қарызы төленгенше

қарызына байланған күйде тұрады»

60

.

Талха ибн Бәра (р.а.) ауырып қайтыс боларда кіріп-

шыққан Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оның туыста-

рына: «Талхаға ажалдың жақындағанын көріп тұрмын.

Қайтыс болса, маған хабар беріңдер. Денесін жуып,

кебіндеуді тездетіңдер. Мұсылманның мәйітін үйде ұзақ

ұстауға болмайды» дейді.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ағайынға

қарасқан жанға Аллаһтың да қарасатынын, ағайыннан

безгеннен Аллаһ та қашық тұратынын, өзіне жамандық

қылған ағайынға жақсылық қылған адамның Аллаһтың

57

Бұхари. Әдеп 85; Мүслим. Иман 74-75.

58

Хәннад. әз-Зухд 2/512.

59

Хәннад. әз-Зухд 2/514.

60

Тирмизи. Жәнаиз 74.