55
Кісі ақысының көп қырлылығы
Баяғыда бір кісінің үйінде тышқанның іні көбейіп
әлгі кісі қанша тырысса да тышқандардан құтыла ал-
май амалы құрыпты. Мысық ұстамайсың ба дегендер-
ге: «Мысықты көрген тышқандар көршінің үйіне қаша
ма деп қауіптенемін. Өзіме қаламаған нәрсені көршіме
тілеп не қылайын», – дейді екен
53
. Рас, өзімізге тілегенді
көршімізге де тілемейінше, кәміл иманға жеттік дей ал-
маймыз.
«Пәлен деген әйел күн ұзаққа ораза ұстайды,
түні бойы құлшылық етеді. Бірақ, көршілеріне жәбір
көрсетеді» дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ол отта жанады», – деп өкініш білдірген екен. Сондай-
ақ, Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тек парыз
намаздарын оқып, парыз садақаны ғана берген, бірақ
көршіге жұмсақтық танытқан әйелдің жайы сұралғанда,
оның жаннатқа баратынын айтқан
54
.
Тарих қатпарларына үңілсек, кеңестік сұрқай сая-
сат бүлдіргенге дейін, қазақта ізін суытпай ғасырлар
бойы жалғасын тауып келген көршілік дәстүр былайша
суреттелген:
«Кезінде халқымыздың терең мәнді, келісті, әдемі
салт-дәстүрі бар еді. Көршілер күнде ертемен бір-бірінің
тықырын естіп, төбесін көрісімен, дауыстап сәлемдесіп,
қол берісіп амандасатын еді. Кешқұрым да күндізгі ша-
руаларын жайғастырған соң, үлкендер ауыл сыртын-
да бас қосып, жаңалықтарын айтысып, осы күнгіше
айтқанда, «ақпарат алмасып», бір-біріне, тұтас ауылға
қатысты ертеңгі істерін келісетін еді. Аз уақыттық
болса да әңгіме-дүкен, әзіл-қалжыңдарына бір жасап
қалатын еді. Кішкентай балалар да үлкендердің осы бір
53
Ғазали. Ихия. Китабу Адабил Үлфәт. 3-бөлім.
54
Хәннад. әз-Зухд 2/503.