50
Ала жіпті аттама
көршінің аш құрсақ балаларына сездірме. Әйтпесе,
көршіге де дәм татыратын бол.
Сендер көрші ақысының не екенін білесіңдер ме?
Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған Аллаһқа
ант етейін, көрші ақысын тек Аллаһтың мейіріміне
бөленген адамдар ғана толық орындай алады», – де-
ген
40
.
Шынайы өмірде біз туыс-тумаларды оқта-текте бір
көрсек, көрші-қолаңмен күнде жүздесеміз. Сондықтан,
іргемізге қатар қонғанның ақысына барынша ыждағатты
болуымыз қажет.
Аллаһ тағала Құран кәрімде былай дейді:
«Аллаһқа
құлшылық қылыңдар. Оған серік қосушы болмаңдар.
Және әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, пақыр-
міскіндерге, алыс-жақын көршіге жол серік болғанға,
жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға
жақсылық қылыңдар. Негізінен, Аллаһ тәкаппар,
мақтаншақты жақсы көрмейді»
(«Ниса» сүресі, 36-
аят). Аятта бөгде көрші деп үйі шалғайдағы, не бол-
маса туыс емес және діні бөлек көрші айтылса, жақын
көрші деп үйі жақын, не болмаса қаны мен діні бір туыс
айтылған.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Жәбірейіл
маған көршіге жақсылық жасау туралы көп айтқаны
соншалық, көршіні көршіге мұрагер қылады-ау деп
ойлап қалдым»
, – деген еді
41
. Бірде Әбу Зарға (р.а.):
«Әбу Зар, ас қатығың болмаса, көже пісіргенде суын
көбірек қылсаң да көршілеріңе дәм татыр», – деген бо-
латын
42
. Бір табақ көжеден көршінің қамын күйттеген
40
Хәннад. әз-Зухд 2/501/509.
41
Бұхари. Әдеп 28; Мүслим. Бирр 140-141.
42
Мүслим. Бирр 142, 143.