54
Ала жіпті аттама
Абдуллаһ ибнМәсғудқа (р.а.) біреу келіп: «Менің бір
көршім бар. Үнемі мазамды алып балағаттайды, жолым-
нан қалдырады», – деп шағымданды. Сонда Абдуллаһ
ибн Мәсғуд (р.а.) оған: «Бара ғой, ол сенің құқыңды
бұзып, Аллаһқа асылық қылған болса, сен оның ақысына
орай Аллаһқа тағат қылып, ақырын күт», – деп жауап
берген екен. Демек, көршінің ақысы олармен тату-тәтті
өмір сүру ғана емес, көрсеткен оғаш қылығына да төзе
білу екен. Төзіп қана қоймай, жамандығына жақсылық
жасау тіпті оңды амал.
Бір кісі Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келіп:
«Уа, Аллаһтың елшісі, істеген ісімнің жақсылық немесе
жамандық екенін қалай білемін?» – деген сұрақ қояды.
Бұған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Көршілерің
саған жақсылық жасадың десе жақсылық, жамандық
жасадың десе істегенің жамандық болады», – деп жауап
берген екен
51
.
Ибн Мукаффа анда-санда көрші үйдің көлеңкесінде
саялап демалатын. Бірде сол көршісі қарыздарын өтеуге
қаражат таппай, үйін сатпақ болады. Мұны естіген ибн
Мукаффа: «Көршім жоқтық қысып үйін сатуға мәжбүр
болса, көлеңкесінің қадірін білмегенім ғой» деп,
көршісіне үйдің құнын беріп сатқызбай қойған екен.
Әбу Жәмре хазірет Хасанға (р.а.) таразыдан
жейтін, ішімдік ішетін, әйелдермен жөн-жосықсыз көп
сөйлесетін бейпіл ауыз көршісінің дүние салғанын айта
келеді. Сонда хазірет Хасан: «Бар, мәйітін жуып, жана-
засын шығар, намазын оқы. Себебі, бұл мұсылманның
мұсылман алдындағы соңғы ақысы», – деген екен
52
.
51
Хәннад. әз-Зухд 2/503.
52
Мәруази. Бирр уәсила 1/122.