Previous Page  57 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 216 Next Page
Page Background

57

Кісі ақысының көп қырлылығы

3. Ағайындық және қонақта болғанның

ақылары

«Жақыннан күдер үзгендер

Жақынын ұрып жат қылар.

Жылқыдан күдер үзгендер

Биесін сатып ат қылар.

Жақсы болса ағайын

Көңіліңді шат қылар.

Жаман болса ағайын

Өзін өзі жат қылар» – деп Майлықожа ақынның

жырлағанындай, туыстық қатынастарды берік ұстану,

туыстық ақыларға зор ықыластылық таныту о бастан

қазаққа сіңісті мінез. Дінімізде ағайындықжәне қонақтың

қақылары қатарына көбіне мына амалдарды жатқызады:

сәлем беру, сый-сияпат жасау, амандықтарын сұрап

отыру, ағалары мен нағашы ағаларын әкесіндей көру,

апалары мен нағашы апаларын шешесіндей сыйлау,

үнемі қол ұшын беру, теріс мінездеріне төзе білу секілді

қасиеттер - ағайын арасындағы ақылардың құрамдас

бөліктері. Құран кәрімде Аллаһ тағала:

«Уа, адам ба-

ласы, сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан

және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жара-

тып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан

Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы Аллаһтан

және туыстардан безінуден сақтаныңдар»

, – деген

(«Ниса» сүресі, 1-аят).

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өсиет ететін

жақыны бар мұсылманның екі түн қатарынан өсиетін

айтпастан түнеуін кісі ақысын сақтамау деп білген

56

.

Өсиет дегеннің өзі ағайын-туысқа қатысты дүние

болғандықтан, мұны міндетіміз деп білген жөн.

«Аллаһ

56

Табарани. Мүжәмул-Әусат 8/13.