Previous Page  51 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 216 Next Page
Page Background

51

Кісі ақысының көп қырлылығы

Ислам жүйесінің әділ жолын ұғына білсек, қоғамымыз

айтарлықтай гүлденер еді.

Өздеріңіз білетіндей, күні бүгін де қалалы

жердегі көп қабатты үйлер бірінің үстіне бірі мінгесе

соғылғандықтан, адамдар бір-біріне етене жақын өмір

сүреді. Десек те, кірпіш пен тас қабырғалар адам-

ды жұтып қойған тәрізді, біреуді біреу біліп бол-

майды. Мұндайда көршінің қамын ойлап, уайымына

қайғыратындар некен-саяқ. Ислам нұсқағандай көрші

мен көршінің арасындағы ізгілік пен ынтымақтың тамы-

рына әлдеқашан балташабылғандай. Бір сөзбен айтқанда,

біз осы жағдайды түзеп, тек Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

, Құранның нұсқауына орай көршілерді ой-

лап, оларға көмектесуіміз керек.

Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде үш қайтара:

«Уаллаһи, иман келтірген болмайды», – дейді. Саха-

балар: «Кім иман келтірген болмайды? – деп сұрайды.

Сонда Пайғамбарымыз: «Зияны тимесе екен деп

көршісінен сескенетін адам», – дейді

43

. Басқа бір риуа-

ятта «Көршісінен қауіптенетін адам жаннатқа кіре ал-

майды» деп айтылған

44

.

Әбу Хұрайра (р.а.) риуаят еткен тағы бір хади-

сте Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай деген:

«Уа,

мұсылман әйелдер, көрші тұрған ақ жаулықтылар бір-

біріне сый-сияпатжасауды ескерсін. Бір-біріне қойдың

сирағын ұсынып болса да, жоқшылықты сылтауратып,

байланысты үзбесін»

45

.

43

Бұхари. Әдеп 29; Мүслим. Иман 73.

44

Мүслим. Иман 73.

45

Бұхари. Хиба 1, Әдеп 30; Зекет 90.