Previous Page  47 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 216 Next Page
Page Background

47

Кісі ақысының көп қырлылығы

тұра алатын балаға ойынның маңызы зор. Бала ойын

арқылы физикалық және рухани тұрғыдан жетіледі.

– Баланың қолынан келмейтін істі талап етпеу;

– Балаға мейіріммен қарау, ұсақ-түйек

кемшіліктерін кешіру; Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.)

жеткен риуаятта Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шөл даланы мекендейтін бір топ бәдәуи келіп: «Сендер

балаларыңды еркелетіп, сүйесіңдер ме?» – деп сұрады.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«иә» деді. «Аллаһқа

ант етейік, біз балаларымызды мейірлене бауырымызға

баспадық», – деді бәдәуилер. Сонда Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Аллаһ тағала жүректеріңді мейірім сезімінен

құр қалдырса, менің қолымнан не келеді?» – деп жауап

берді

38

.

– Уақыты келгенде тәрбиелі, діндар жанмен

үйлендіру; Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үмбетіне

болашақ жардың сұлулығына, тегіне, байлығына және

діндарлығына қарау дұрыстығын, ал бұлардың ішінде

ең абзалы діндарлығына қарап үйлену екенін айтқан.

Кісі ақыларының ішінде жауапкершілігі ең көбі -

балалардың құқығы, ата-ананың бала алдындағы міндеті.

Оның ішінде бала тәрбиесі. Баланы тәрбиелеу үшін

көйлегінің көктігі, тамағының тоқтығы, уайымының

жоқтығы жетеді десеңіз, қателесесіз. Етегінен өргізген

балаларының алдындағы ата-ананың жауапкершілігі

мұнымен шектелмейді. Баланы адамгершілікпен

қанағаттандырып, имандылыққа баулу, жақсы тәрбие

беру - басты ұстаным. Ұрпақ тәрбиесіне жеткілікті көңіл

бөлмеген, не болмаса селқос қараған ересектер өздерін

ғана емес, отбасыларын да зиянға ұшырататынын

Құранда Аллаһ тағала ашық айтады:

«Сендер Аллаһтан

38

Бұхари. Әдеп 18; Мүслим. Фәдаил 164.