Previous Page  42 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 216 Next Page
Page Background

42

Ала жіпті аттама

– Перзент - әке малының бақташысы. Әкемнің

дүниесі деп қолда барды шашып-төгуге құқысы жоқ.

Олай еткен болса, Аллаһқа есебін береді.

Перзенттің ата-ана алдындағы жауапкершілігі мен

міндеттерін сөз қылатын аяттар легі мынадай:

«Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған серік

қоспаңдар. Және әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге,

міскіндерге, алыс-жақын көршіге, жолда серік

болғанға,жолдақалғандарғажәне қоластыңдағыларға

жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ тәкаппарды,

мақтаншақты жақсы көрмейді»

(«Ниса» сүресі, 36-

аят).

«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды

міндеттедік...»

(«Әнкабут» сүресі, 8-ят)

«Раббың тек қана өзіне ғана ғибадат етуді, әке-

шешеге жақсылық қылуды әмір етті. Ал, егер ол

екеуінің бірі немесе екеуі де қолдарыңда қартайса,

оларға «түһ» деп те айтпа (кейіс білдірме.) Сондай-

ақ, ол екеуіне зекіме, әрдайым оларға сыпайы сөз

сөйле. Екеуіне кішірейіп мейірім құшағын жайып:

«Раббым, ол екеуі мені кішкентайымда мәпелеп

тәрбиелегеніндей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей

гөр!» – де»

(«Исра» сүресі, 23-24 аяттар).

«Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық.

Анасы оған әлсіздік үстіне әлсіздікпен жүкті болады,

екі жылда баласын ақ сүтімен нәрлендіреді. Маған

және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның мен жақ»

(«Лұқман» сүресі, 14-аят) .

«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық істеуді

нұсқадық. Өйткені, шешесі оны қиындықпен көтеріп,

жарық дүниеге мехнатпен әкеледі. Оған жүкті болу,