39
ІI Бөлім
КІсі ақысының көп
қырлылығы
Кісі ақысының көп қырлылығы
Бұл тарауда барша адамзатқа ортақ міндеттерді
сөз қыламыз. Бұл құқықтар ата-ана мен бала, жұмыс
беруші мен жұмыскер, сатушы мен сатып алушы секілді
тараптардың өзара қарым-қатынас нормасы сөз бола-
ды. Мәселен, жол ережесін сақтау – көлік жүргізушінің
міндеті. Жүргізуші бұл нормаларды сақтамаса,
көпшілікке белгілі бір мөлшерде зиян тигізеді. Оны естен
шығарып, өз дегенін жасаса, адам өміріне, денсаулығына
қауіп төндіреді. Ал, бұл өз кезегінде кісі ақысын бұзу
болып табылады.
Сондай-ақ, осы тарауда баланы бағып-қағу,
тәрбиелеу жолындағы ата-ана міндеттері, перзентінің
ата-анасы алдындағы парызы кеңінен қарастырылады.
Ерлі-зайыптылардың отбасындағы өзара жауапкершілігі,
сауда ісінде адалдықтың сақталуы және жалпы еңбек
саласында сақталуы тиіс кісі ақысы тарқатылып айты-
латын болады.