Previous Page  35 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 216 Next Page
Page Background

35

Кісі ақысының ислам дініндегі орны

Отбасын және жақын туыстарын жақсы көру;

Дін насихатын төрткүл дүниеге жеткізу

26

.

Әңгіме!

Әділ би

Бір кісі жол жүріп келе жатып, жайылып жүрген

бір топ түйеге кезігеді. Өзіне жол ашпақ болып

қолындағы таяғын түйелерге қарай лақтырып

жібергенде, таяғы құрғыр ұшып барып, бір

түйенің көзін шығарады. Түйеші жолаушы-

дан түйенің көз құнын даулайды. Бұл бәледен

құтылайын деп түйенің көзін ұрыпшығарған адам

тұра қашып, биік бір жардың кемеріне секіріп

түседі. Сол уақытта жар астында көлеңкеде бір

қарт кісі ұйықтап жатқан екен. Қашқын секірген

салмағымен бейшара қарттың үстіне түсіп, басып

өлтіреді. Мұны сол маңда жүрген қарттың баласы

көріп қалады.

Жолаушы қашады. Оны түйеші мен қарттың

баласы қуып келеді. Сорлы қашқын бір дарияның

жиегіне келіп жеткенде жағада қайықшы тұр

екен. Сасқанынан қайықшыға «мені дарияның

ар жағына шығар, бір ширек ет берейін» дейді.

Қайықшы қашқынды арғы бетке өткізеді. Бірақ

қашқында қайықшыға беретін ет жоқ еді. Не

қыларын білмей дағдарады. Қайықшы болса

қашқынды жағасынан алып жібермейді. Сөйтіп

тұрғанда бұрынғы екеуі де келіп жетеді. Даугер

енді үшеу болады: біреуі түйенің көзін, екіншісі

атасының құнын, үшіншісі қайық пұлын сұрайды.

Қашқын не қыларын білмей қатты сасады.

Қайықшы қашқынға:

26

Мұхаммед ибн Абдиссалам. Әл-Хуқуқ фил-Ислам. -18-30 б.