Previous Page  30 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 216 Next Page
Page Background

30

Ала жіпті аттама

Аллаһ ақысына атүсті қарағанымыздың есесін тек

шынайы тәубе арқылы ғана қайтара аламыз. Аят пен

хадистерде баяндалғандай, мұндай адам тәубеге кел-

мей өлсе де, Аллаһ тағала оны өз қалауымен рақымына

бөлеуі мүмкін. Алайда, кісі ақысына байланысты бол-

машы қателікке бой алдырған адам көңілін қалдырған

кісінің ризашылығын алмайынша кешірілмейді.

Аллаһ құқын құрайтын міндеттерді жүзеге асыру

тек белгілі бір адамдарға ғана емес, бүкіл адамзатқа,

қала берді күллі жаратылысқа пайда әкеледі. Аллаһ

ақысы болып табылатын ғибадат атаулы адамды руха-

ни кемелденуге жетелейді. Кісі құлшылығын мүлтіксіз

атқарса, тақуалығы артады, мінез-құлқы жақсарады. Ал

мұндай адамның адамзат пен тіршілік атаулыға берері

мол.

Аллаһ құқығына мұқият қараған адам Аллаһтың

мұратын білетін адам десек қателеспейміз. Жарату-

шыдан қорыққан жан жаратылыстың ақысын аяқ асты

етпейді. Бүкіл ғаламды жаратып, адамзатты олардың

ең ардақтысы қылған Жаратушы иеміз адам баласы-

на кітаптар мен пайғамбарлар жіберген. Кітабында кісі

ақысына мұқият қарауды тапсырған. Аллаһ құқына

ден қойған адамның ниеті түзу, көңілі риясыз бол-

са, қоғам өмірінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін

Аллаһ бекіткен тәртіпке бағынады. Әйтпесе, сырт

көзге Аллаһ құқына ыждағатты бола тұра, кісі ақысына

немкетті қараған адамның ықыласының шынайылығына

күмәндануға толық негіз бар.

ә) Хұқұқул-ибад (кісі ақысы)

Бұл категорияда белгілі бір адамның немесе

топтың құқын қорғайтын: құн төлеу, қарыз қайтару,