29
Құқық түрлері
а) Некеге тұру және некені бұзу;
ә) Азаматтық және сауда қатынастары;
б) Түрлі дәрежедегі қылмыстар;
в) Мұрагерлік;
3. Үшір секілді Аллаһ алдында да, адамдар арасын-
да да жауапты нәрселер
23
.
Осы арада Ислам құқықтанушысы Абдулкерим
Зейданның құқық анықтамасы мен жалпы кісі ақысын
жіктеуге қатысты зерттеуін келтіре кеткенді жөн көріп
отырмыз. Бұлар:
а) Хұқұқуллаһ
Сөзбе-сөз мағынасы Аллаһ тағаланың құқығы бо-
лып табылады. Аллаһ құқын құрайтын элементтердің
басында оған түбегейлі иман келтіру және ширктен
сақтану тұрады.
Бұл құқықтардың Аллаһ құқы деліну себебі, Жа-
ратушы тәңірдің осы құқықтарды иемденіп адамзатты
жаратқаны, не болмаса игілігін жүзеге асырғаны үшін
емес, бұл амал тек Аллаһ тағала үшін орындалатын ізет
болғандықтан. Өйткені, иман тек Аллаһқа арналады, на-
маз да тек Аллаһтың разылығына жету үшін оқылады,
қажылыққа да сол үшін сапар шегеміз.
Ораза, зекет секілді бірқатар Аллаһ алдындағы
ғибадаттардың кісі ақысына қатысты тұсы бар болса да,
оларды бұл топта қарастыра алмаймыз. Бұл ғибадаттар
Аллаһ тағала үшін атқарылатындықтан, құлшылық ба-
рысында жіберген қателіктері адамға кісі ақысын емес,
күнә арқалатады.
23
Имамуддин С.М. (Ауд: доцент М. Гюркан). Әлеуметтік
ғылымдар институтының журналы № - 15. 2003. – 239. 247 б.