Previous Page  27 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 216 Next Page
Page Background

27

Құқық түрлері

Адамдардыңар-ұжданбостандығыншектеп,олардың

көңілі қалаған діндерін ұстатпай жапа шектіргендерді

Құран кәрімнің жүздеген аяттары сынға алған

20

. Құран

кітабымызда діни ұстанымға қарсы тұру туралы айта

келе, әлсіз адамдар өздеріне әлімжеттік жасағандар және

ар-ұждан бостандығын шектеп, шындықты қабылдауына

кедергі келтіргендермен ақыретте ұшырасқанда

«Сендер

болмасаңдар, иман келтіретін едік»

дейтінін айтады

(«Сәбә» сүресі, 31-аят).

Исламға қарсы күрес жүргізгендерді шене-

ген дініміз өз кезегінде адамдарды иман келтіруге

шақырғанда күштеуге, қысым көрсетуге тыйым салған.

Құранда Аллаһ тағала

«дінде зорлық жоқ»

деп анық

айтқан («Бақара» сүресі, 256-аят). Көптеген аяттарда

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

міндеті тек дінді

тәблиғ ету

21

екені, оның адамзатты сүйіншілеуші және

ескертуші екені және ешкімді күштеп мәжбүрлеуге

өкілетілігінің жоқтығы баяндалған

22

.

Ислам қылыштың күшімен тарады деу - үлкен

қателік. Өйткені, Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Насихат ет, негізінен сен насихатшысың, оларды

мәжбүрлеуші емессің»

, – деп бұйырған («Ғашия» сүресі,

21-22 аяттар) Құран тағы бірде:

«АдамдардыРаббыңның

жолына даналықпенжәне көркем үгіт арқылышақыр.

Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз Раббың тура

жол тапқандарды да жақсы біледі»

, – деген («Нахл»

сүресі, 125-аят). Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

,

20

«Әли Имран» сүресі, 99-аят, «Ағраф» сүресі, 86-аят, «Нахл»

сүресі, 88-аят, «Мүнафиқун» сүресі, 2-аят, т.б.

21

Үгіттеу, жария ету. Автор.

22

«Юныс» сүресі, 108-аят, «Исра» сүресі, 108-аят.