Previous Page  23 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 216 Next Page
Page Background

23

Құқық түрлері

ды өлім аузынан аман алып қалса, бүкіл адамзатты

өлімнен құтқарғандай болады»

(«Мәида» сүресі, 32-

аят). Адам өлтірудің айуандық, тағылық екенін осы-

дан білеміз. Ал, күнделікті өмірімізде көріп жүрген

бейкүнә сәбиді құрсағында тұншықтырудың, яғни жа-

санды түсік жасатудың зауалын бағамдауды өздеріңізге

қалдырдық.

Тек кісі өлтіруді ғана емес, Ислам діні адамға қару

кезеуді де дұрыс деп таппайды. Әбу Хұрайрадан (р.а.)

жеткен риуаятта Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бы-

лай деген:

«Сендердің біреуің суық қаруын дін бауыры-

на кеземесін. Өйткені, ол шайтанның қаруды қолынан

шығарып жіберейін деп, аңдып тұрғанын білмейді. Сол

себепті, жаһаннамның құрдымына бір-ақ түседі»

10

.

Хадистің басқа бір нұсқасында былай делінген:

«Кімде-кім бауырына, ол бірге туған бауыры болса

да қару кезесе, қолынан оны тастағанша періштелер

лағынет айтады»

11

.

Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының бірі -

соғыс кезінде оған жақтасып жауына тойтарыс беру

12

.

Мүминді ойнап болса да қорқытуға тыйым салынған.

Ойынның арты неге апарып соғарын жоғарыда хадистен

көрдік. Сондықтан, ойнап болса да адамға қару кезеуге

болмайды. Жазым деген нәрсе барын ұмытпаған жөн.

Мұсылмандармен бейбіт күн кешкен басқа дін

өкілдерінің өміріне де қол сұғуға болмайды

13

. Ал,

соғыс өрті тұтанған кезде әйелдер мен балаларды, діни

қызметкерлерді, бейбіт тұрғындарды, тіпті жаудың май-

3

Бұхари. Фитән 7; Мүслим. Бирр 126.

11

Мүслим. Бирр 125; Тирмизи. Фитән 4.

12

Бұхари 6/2591.

13

Бұхари. Жизия 5, Диет 30.