Previous Page  18 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 216 Next Page
Page Background

18

Ала жіпті аттама

адамға үш дирхамды өтеуін сұрады. Фазыл қарызды

төледі

5

. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

кісі ақысына

деген ұқыптылығын осылай көрсеткен.

Үмбетіне әрдайым тура жолды сілтеген

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Әсілі, мен үшін

құрметті кісі мендегі ақысын талап еткен, не бол-

маса кешірген адам болмақ»

, – дей отырып, бізге

сүйіспеншіліктің сарабдал сырын ашады. Олай болса,

ешкім де жақсы көрген адамнан ақы даулағаным жара-

спас деп ойламауға тиіс. Ана дүниеде кісі ақысына бей-

жай қарамайтын Құдірет иесінің барын ұмытпай, нақ

жаны ашыса жақсы көрген адамынан ақысын тіршілікте

сұрағаны абзал. Әйтпесе, ақырет күні сол жақсы көрген

адамын өзіне кіріптар қылары анық.

Ақысын сұрағанның еш айыбы жоқ, ақысын

даулағандарды айыптаудың да жөні жоқ. Азын-аулақ

өткенін сұрағанды «Қарашы, болмашы тиын-тебенді

ұмытпайды екен» деп кемсітпеу керек. Өйткені, кісі

ақысы қашан да ақы болып қала береді, оның азы-көбі,

үлкені-кішісі болмайды.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде

жейдесінен күлімсі иіс шыққан Сәуад есімді біреуді

таяғымен түртіп, үстіндегіні шешуді сұрағаны бар еді. Ол

бұған шамданып есе қайтармақ болады. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

да сөзге келмей оған жонын тосқан.

Мінекей, болмашыжайттың өзінде үлгі-өнеге көрсетуден

жалықпаған Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

іс-

әрекеті біз үшін қараңғы түнде адастырмай жол бастар

темірқазық секілді.

5

Ибн Сағыд. Табақат 2/255; Ибн Кәсир. Ислам тарихы. 5/399;

Ибнул Әсир. Тарих әл-Кәмил фит Тарих (Аударған М. Бешир

Эрярсой). – Стамбул: Бахар баспасы. 1985. 2/292.