19
Құқық түрлері
Көріп отырғанымыздай, Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
кісі ақысына асқан мұқияттылық көрсеткен.
Көпшіліктің мазасын алатын болмашы нәрсеге мән
беріп, үмбетін әбігерлікке салатын жайттардың ал-
дын алған. Ол тіпті көпшілік ортасына сарымсақ, пияз
жеп шықпауды да талап етіп, жамағатқа қолайсыздық
тудыруға тыйым салған.
Бір хадисте:
«Аллаһ ақысы ретінде махшар
алаңында әуелі намаз сұралатын болады. Кісі ақысы
ретінде әуелгі сұрақ қан төккен адамға қойылады»
, –
делінген. Бұл хадистен кісі ақысын жүктеудің ең үлкені
- адам өлтіру, мұның Аллаһтың назарында аса ауыр
қылмыс екенін аңғарамыз.
Әбу Қатаданың (р.а.) риуаятында Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларға ең игі іс - Аллаһ жолында
күресу мен иман ету екенін айтады. Сонда біреу тұрып:
«Уа, Расулаллаһ, Аллаһ жолында соғысып жүріп өлсем,
күнәларым кешіріле ме?» – деп сұрайды. Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Майдан даласынан қашпай, сауа-
бын бір Аллаһтан күтіп, қолың дұшпанның жағасында
жүріп өлсең, Аллаһ кісі ақысы мен қарыздарыңнан басқа
бүкіл күнәларыңды кешіреді. Мұны маған Жәбірейіл
айтты»
6
, – деп жауап қатады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қажылық жасау-
шылар үшін
«Кімде-кім Аллаһ үшін қажылық жасап,
бейәдеп сөз бен оспадар қылықтан, Аллаһқа асылық
етуден сақтанса, құдды анасынан туғандай пәк бо-
лып қажылықтан оралады»
деген
7
. Ғалымдарымыз бұл
хадиске «кісі ақысынан басқа» деген сілтемені қосуды
ұмытпаған. Қажылықтың бір әдебі ретінде «сапарға
6
Дарими. Жиһад 21; Тирмизи. Фәдаилул-жиһад 11.
7
Бұхари. Хаж 4; Мүслим. Хаж 438.