20
Ала жіпті аттама
шықпас бұрын кісі ақысынан арылып, кешірім алу»
саналған. Қажылыққа аттанардан бұрын адамдардың
ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бақұлдасып жататыны
содан болса керек.
Ислам ғалымдарыжасалған күнәніңАллаһқа асылық
болып, кісі ақысына қатысы жоқ болса, мұндай күнәдан
тәубеге келудің үш шарты барын айтқан. Олар:
1) Күнәнің зардабын жою;
2) Күнәні жасағанына пұшайман болу;
3) Күнәға қайта беттемеуге бекіну.
Ал жасалған күнә кісі ақысына қатысты болса, оны
жоюдыңшартытөртеуболмақ. Бұлардыңүшеуіжоғарыда
келтірілгендер болса, төртіншісі – кісі ақысынан арылу.
Бұл күнә дүние-мүлікке қатысты өрбісе, тәубе еткен
кісі келтірілген дүниеауи зиянның орнын толтырады.
Адамға зина жасады деп жала жапқан болса, кесімді
жазасын өтейді. Әлдекімді ғайбаттаған болса, ол кісіден
кешірім сұрайды.
Құқық түрлері
Адамның жеке құқықтарына – өмір сүру құқығы,
өз дүниесіне иелік ету құқығы және қадір-қасиеті
мен ар-намысының қорғалуы жатады. Құран кәрімнің
көптеген аяттарында адамның қадір-қасиеті мен абы-
ройын құрметтеу керектігі айтылған. Мәселен, «Хужу-
рат» сүресінде:
«Шын мәнінде мүминдер туыс. Сондықтан
араздасқан бауырларыңның арасын жарастырыңдар
және Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін, игілікке
бөленерсіңдер. Уа, мүминдер, бір ел бір елді тәлкек
қылмасын. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар.