24
Ала жіпті аттама
дан даласын тастап қашқан сарбазы мен жаралылардың
өміріне қауіп төндіруге болмайтыны да кей жерлер-
де жазылған
14
. Сондай-ақ, адамның өз өміріне де
құрметпен қарауға тиіс екені, өз-өзіне қол жұмсауға
тыйым салынғаны да көпшілік білетін дүние. Арнайы
тапсырылған кісі өлтіруді кәсіп қылу, қарақшылық топ
ұйымдастырудың харам екені айтпаса да түсінікті.
2. Адамның қадір-қасиеті мен ар-
намысының қорғалуы
Адамның қадір-қасиеті мен ар-намысының қорғалуы
оның негізгі абсолютті құқықтарына жатады. Дініміз
адамдарға бір-бірінің ар-намысын, қадір-қасиетін,
абырой-беделін құрметтеуді әмір еткен. Тілдеу, келе-
междеу, балағаттау, ғайбаттау, әлдекімге жазықсыз жала
жабу – дініміздің ахлақ ұғымына, яғни мұсылманның
жүріп тұру дағдысына жат, қайшы қылықтар. Бұлардың
тыйым салынған іс-әрекеттер екеніне көптеген аят және
хадистер дәлел.
Адамның табиғатында өзін жоғары ұстау, жұртты
өзінен төмен санауға алып келетін тәкаппарлық сезімі
бар. Осы қасиет басқаның абыройын түсіруге, мазақ
қылуға, мысқылдауға алып келеді. Ал бұл - кісі ақысын
аяқ асты ету деген сөз. Мұндай жағдайда қорланған
адамның жан дүниесінде не болып жатқаны Аллаһқа
аян. Психологтардың айтуынша, мұндайда адам психи-
касында кері ауытқушылық орын алады, жаны күйзеледі,
сары уайымға салынады. Сондықтан, кісі кемшілігін
көрсек, кекетуге дайын тұруымыз жақсылық емес.
Байқаусызда мұндай шалыс қадам жасасақ, тез арада
әлгі адамнан көпшіліктің көзінше кешірім сұрауымыз
14
Яхья ибн Адам. Китабул-Хараж, 48 б.