22
Ала жіпті аттама
бізге адамдардың бір-біріне құрмет көрсетуін, адал
еңбекпен өмір сүруін уағыздайды. Ары таза адамға зина
жасады деп орынсыз жала жабу, қадір-қасиетін мансұқ
ететін басқа да жағымсыз нәрселерді кітабымыз қатаң
ескертіп, оған тыйым салады.
Қазіргі коммуникацияның барынша дамыған
шағында адамның жеке басын қаралау, беделін түсіру
және басқа да диффамациялар үйреншікті әдетке айна-
лып кеткендей. Бұл дегеніңіз – күнәнің үлкені. Мұны
істеген адам неше жерден БАҚ арқылы кешірім сұрап,
моральдық шығынды өтесе де, кісінің құқығына тиген
нұқсанның орнын толтыра алмайды. Өйткені мейлі
абайсызда, мейлі қасақана айтылған немесе жазылған
жалған мәліметтер көпшілік қауымға сол адам жайын-
да жағымсыз пікір қалыптастырады. «Айтылған сөз
– атылған оқ» деген халқымыз ғайбат сөздің соңында
бықсыған бір шаланың сөнбей қалатыны анық екенін
білген.
1. Өмір сүру құқығы
Адам үшін ең басты құндылық - оның өмірі. Адам
өміріне қол сұғу дінімізде үлкен күнә саналады. Құран
кәрім:
«Кім бір мүминді әдейі өлтірсе, оның жазасы
- мәңгілік тозақ. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы
арқылы зор азап әзірленген»
, – дейді («Ниса» сүресі,
93-аят). Демек, адамның адамды өлтіруге қақысы жоқ.
Және адам өзін-өзі өлімге қиюға да қақылы емес. Жанды
берген Аллаһ тағала жанды қашан алуды да Өзі біледі.
Осы туралы тағы бір аят былай дейді:
«Кімде-кім кісі
өлтірмеген немесежер бетінде бұзақылықжасамаған
жазықсыз адамды өлтірсе, күллі адамзаттың
қанын төккендей болады. Сондай-ақ кім бір адам-