21
Құқық түрлері
Сондай-ақ, әйелдер әйелдерді келемеждемесін.
Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді
қараламаңдар, бір-біріңе жаман ат тақпаңдар.
Иман келтіргеннен кейін пасық атану нендей жа-
ман. Ал кім тәубе қылмаса, міне, солар залымдар.
Уа, мүминдер, тым күмәншіл болудан сақтаныңдар.
Кейбір орынсыз күмән нағыз күнә саналады. Бір-
біріңнің кем-кетіктеріңді тергіштемеңдер, біреуді
біреу ғайбаттамасын. Қайсың өлген туысыңның етін
жегенді қалайсың? Әрине, оны жек көресіңдер. Олай
болса, Аллаһтан қорқыңдар! Шынымен де Аллаһ
тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. Уа, адамдар,
шүбәсіз сендерді бір еркек пен әйелден жараттық.
Сондай-ақ, бір-біріңді тану үшін сендерді ұлтқа,
руға бөлдік. Аллаһтың алдында ең ардақтыларың –
тақуаларың. Шәксіз, Аллаһ бәрін толық білуші, әр
нәрседен хабар алушы»
, – делінген (10-13 аяттар).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да адамдардың
жеке құқықтарын сақтауды бұйырған. Бұған қайшы
келетін іс-әрекеттерді қатаң сынға алған, кісі ақысын аяқ
асты еткен адамның жәбір көрушіден кешірім алмайын-
ша жағдайы қиын болатынын айтқан. Мәселен, қоштасу
құтпасында былай дейді:
«Уа, адамдар, сендердің
өмірлерің, малдарың, ар-намыстарың Раббыларыңа
қауышқанша бір-біріңе харам»
8
. Тағы бірде адамның
абсолютті үш құқығы: өмір сүру, мүлікке меншік және
кісілік келбетін сақтау құқықтары туралы айтқан
9
.
Исламның дүние мен ақыретте адамды бақытты
қылуды мұрат еткен әмірі, қоғам өмірінің тыныштығы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Құран
8
Бұхари. Хаж 132, Худуд 9.
9
Мүслим. Бирр 32; Әбу Дәуіт. Әдеп 35.