Previous Page  16 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 216 Next Page
Page Background

16

Ала жіпті аттама

Міне, солар үшін жан түршігерлік азап бар»

(«Шура»

сүресі, 42-аят),

«Қиянатшылдардың орны қандай на-

шар!»

(«Әли Имран» сүресі; 151-аят),

«Сондай-ақ за-

лымдар үшін жәрдемші жоқ»

(«Мәида» сүресі, 72-аят),

«Естеріңде болсын! Аллаһтың қарғысы залымдарға

тиеді»

(«Худ» сүресі, 18-аят).

Пайғамбарымыз Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

те

бұл туралы:

«Бір-біріңді күндемеңдер, алушыларды

дауластырмаңдар, бір-біріңді жек көріп, алакөзденіп,

сырт айналмаңдар. Біреудің саудасының үстіне килігіп

бұзбаңдар. Дін жолында тату-тәтті бауыр болыңдар.

Мұсылман мұсылманға бауыр. Кісі бауырына қиянат

жасамайды, жек көрмейді, қажет болған жағдайда

қол ұшын береді және оны кемсітіп қорламайды»

, – дей

отырып, үш қайтара жүрегін нұсқап: «Тақуалық, міне,

мұнда. Кісіге мұсылман бауырын кемсіткені күнә ретінде

жеткілікті. Мұсылман үшін әрбір мұсылманның қаны,

малы және ары харам және қасиетті аманат іспетті»

1

, –

деген еді..

«Мұсылманның мұсылман бауырына жасар бес

түрлі ізет-міндеті бар. Олар: амандасқанда сәлемін

алу, түшкіргенде Аллаһ тағаланың рақымын тілеу,

шақырғанда бару, науқастанғанда көңіл-күйін сұрау

және жаназасына қатысу»

2

.

Әбу Хұрайрадан жеткен риуаятта Аллаһ елшісі

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

:

«Мүфлистің кім екенін білесіңдерме?»

– деп сұраған екен. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі,

ол бар дүние-мүлкінен айрылған пенде ғой», – деген

кезде, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

«Үмбетімнің

арасындағы ең пақырының кім екенін айтайын, ол -

1

Мүслим. Бирр 32.

2

Мүслим. Сәлем 4.