11
Ала жіпті аттама
Қалыптасқан қоғамда өмір сүретін әрбір жеке
тұлғаның (индивидтердің) мүддесі, көзқарасына тән
сұраныстары әр алуан өрбігендіктен, адамдар арасында
пікір қайшылығының туындауы заңды. Осы орайда жеке
тұлға қалыпты өмір сүру үшін өз мүддесін басқалардың
көзқарасына орайластыруға мәжбүр. Міне, содан барып
қоғам мүшелерінің ортақ өмір сүру ережесіне сәйкес
құқықтары мен жауапкершілігі пайда болады.
«Бір-біріңнің
малыңды
нақақтан-нақақ
жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір
бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара
беруге ұмтылмаңдар»
(«Бақара» сүресі, 188-аят).
«Шынында, адамдарға әділетсіздік қылып, жер
жүзінде кесірлігімен шектен шыққандар жауапқа
тартылуға лайық. Міне, солар үшін жантүршігерлік
азап бар»
(«Шура» сүресі, 42-аят).
Тәйірі тоғышар пенде Жаббар Иенің осыншама
бұйрықтарын біле тұра, қасақана әрекеттерге баруы
мүмкін. Алайда тіршіліктің ащысы мен тұщысын білетін,
даналығын көзге тосып, маңдайына басып тұрған Ислам
қағидаларын шынайы көңілге тоқыған мұсылман баласы
кісі ақысына қырағы қарайтыны анық.
Жақсылыққа болысу («Мәида», 2-аят), Аллаһқа иман
келтіру және ғибадат ету («Бақара», 21-аят), Аллаһқа,
пайғамбарларға және басшыларға бағыну («Ниса», 59-
аят), Аллаһқа берген сертті орындау («Нахл», 91-аят),
жетімнің малын жемеу, әділдіктен айнымау, кісіге ша-
масы келетін істі ғана жүктеу, жақындарының емес,
шындықтың сөзін сөйлеу («Әнғам», 152-аят) сын-
ды қасиеттер адамзаттың еркіне берілгенмен, бұлар
- Аллаһтың адам баласынан күтетіні. Және де бұл